Кулаева Гаухар Аманалиевна » «Дулат» негізгі орта мектебі»
«Дулат» негізгі орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,
Қайнар елді мекені, С.Жақайқызы көшесі,5
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 271-23-24
Есепші бөлімі:
+7(705) 684-90-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кулаева Гаухар Аманалиевна
23
қыркүйек
2024

Кулаева Гаухар Аманалиевна

Кулаева Гаухар Аманалиевна 1984 жылы 4 қыркүйекте Түркістан облысы, Кентау қаласында дүние келген.  1990-2001 жж аралығында  Әль-Фараби атындағы №14 мектеп гимназиясын үздік бітірген. 2001-2007жж аралығында Шымкент қаласы, «Қайнар» университетінде Заңтану мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқып, аяқтады. 2011-2013 жж Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінде оқып, «Бастауыш оқыту педагогикасымен әдістемесі» мамандығы бойынша аяқтады.  Тұрмыста, төрт қыз, бір ұлы бар. Жолдасы Кулаев Абай жеке  кәсіпкер. 
    Алғаш еңбек жолын 2009-2011жж Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекені «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде» Жастар практикасымен бастап, 2011-2021 жж осы аталған мектепте Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады. 
   2022-2023жж Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекенінде «М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
     2023-2024 жж Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекені «Дулат» негізгі орта мектебінде оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
     2024 жылдың 2 қыркүйек күнінен бастап «Дулат» негізгі орта мектебінің директоры лауазымын атқарып келе жатқан жоғары санатты, педагог-сарапшы ұстаз.
   Жетістіктері: 
    2018 жылы ақпан айында өткен «Өнеге» интелектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген үздік ашық сабақ байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
    2018 жылы 27 ақпанда Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік баспаға мақала жариялап «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
     2018 жылы педагогика саласындағы көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінен «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
     2021 жылы қаңтар айында өткізілген Республикалық «Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі» Блиц-турнирінің  І дәрежелі жеңімпазы.
    2022 жылы Белсенді еңбегі және сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы  қызметі үшін Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алғыс хатымен марапатталды.
   2023 жылы Жас ұрпаққа  сапалы білім, саналы тәрбие бергені үшін Ордабасы аудандық  білім бөлімінен «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
 2023 жылы Мұғалімдер күні мерекесіне орай Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев «Дулат» негізгі орта мектеп ұжымын Алғыс хатпен мараппатады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив