Әр жұма күні-Ұлттық киім кию күні
Әр жұма күні-Ұлттық киім кию күні “Дулат” негізгі орта мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әр жұма күні Ұлттық киім кию күні өткізіледі. Бұл күні оқушылар мен мұғалімдер қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін ұлттық киімдерді киіп, олардың тарихи маңызын насихаттайды. Ұлттық киімдер – халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрінің айнасы. Баршаңызды осы күнге белсенді қатысып, ұлттық рухты бірге сезінуге шақырамыз! Ұлтымыздың асыл мұрасын бірге дәріптейік! #Адал_азамат