01
қазан
2025
Мың алғыс, саған, ұстазым
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!!!
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім - ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мұғалімдер күні - қазан айының бірінші жексенбісі атап өтіледі. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен СІЗДЕРДІ құттықтаймыз!Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз!






https://www.facebook.com/100072585913108/videos/824975793335562?locale=ru_RU