Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Сондықтан да баланың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі керек. «Әдемі жазу – әдеміліктің белгісі» демекші біз ұстаздар қауымы көбіне оқушының оқуына, сөйлеу дағдысына жіті мән береміз де, каллиграфиялық дағдысына көңіл бөле бермейміз. Осы ретте Елбасымыз Қ.К.Тоқаев «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемге жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деген сөзі еске түседі.