10
қазан
2025
Мектебімізде – Дублер күні!
Мектебімізде – Дублер күні!
Ұстаздар күні қарсаңында мектебімізде ерекше дәстүр – «Дублер күні» өткізілді. Бұл күннің басты мақсаты – оқушыларға мұғалімдердің еңбегін сезінуге мүмкіндік беру, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін шыңдау.
Бүгін оқушылар ұстаздың, мектеп басшылығының да орнында болып, өздерін жаңа қырынан танытты.Олардың шығармашылығы, белсенділігі және ұйымшылдығы – баршамызға үлкен қуаныш сыйлады.
«Дублер күні» жас ұрпақтың үлкенге құрметпен қарап, еңбекке баулынуына үлес қосады.Барлық дублерлерімізге жарқын жеңістер мен шабыт тілейміз!
https://www.facebook.com/100072585913108/videos/1351836583257255