05
қараша
2025
«Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
"Дулат" негізгі орта мектебінде "Қауіпсіз балалық шақ" атты балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай, "Балалардың қауіпсіздік ережелері" тақырыбында қауіпсіздік ережелері бойынша жиналыс өтті.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, сынып жетекшілер,тәлімгер 5-8сынып оқушылары және Ордабасы АПБ-ның УПИ аға лейтенанты Арыстанбек Жүсіпбек Сұлтанбекұлы қатысты.
Жиналыс барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, жолда жүру мәдениеті, интернеттегі және тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Ж.Арыстанбек өз сөзінде балалардың амандығын қамтамасыз ету – қоғамның ортақ ісі екенін атап өтіп, оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет ережелерін түсіндірді.
Жиналыс соңында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізу және алдын алу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=850114117418111&set=pcb.850115280751328