13
қараша
2025
🍁🍁🍁Күзгі жәрмеңке🍁🍁🍁
Қараша айының 11 жұлдызында 2-3
сыныптар арасында мектеп әкімшілігі және мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Күзгі жәрмеңке» өткізілді.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу. Атаулы іс-шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Өз тараптарынан демеушілік жасап, ақыл-кеңес беріп, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, үнемшіл болуға үйретеді,жігерлендіреді, шынықтырады демекші,
жәрмеңке соңында оқушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алғандарын білдіріп жатты.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0oQAd6vh6FpbVNrq7Lt6NiiXTtE8MBk6jACRLqyj5bciQYbP5WNboZHL6uxWeWtvRl&id=100072585913108