03
қазан
2024
АЛТЫН САҚА ОЛИМПИАДАСЫ
АЛТЫН САҚА ОЛИМПИАДАСЫ
«Алтын сақа» олимпиадасының
мектепішілік кезеңі өтті.
Мектеп бойынша олимпиадаға 3-сыныптан 8 оқушы, 4-сыныптан 8 оқушы қатысты. Мектепішілік кезеңнің тапсырмалары «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі тарапынан әзірленіп, тапсырмалары үш бөлімнен тұрды: бірінші бөлім - тест жұмысы, екінші бөлім - тест жұмысы, үшінші бөлім – бос орынды толықтыру. Берілетін уақыт – 60 минут.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 3-сыныптан екі оқушы, 4-сыныптан екі оқушы аудандық кезеңге жолдама алды.
Аудандық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз!