17
желтоқсан
2025
Мен ұстазбын! Мен Тәуелсіздік құрдасымын
Мен Тәуелсіздік құрдасымын! 
Тәуелсіздікпен бірге есейіп,
Егемен елмен бірге қанат қақтым.
Азаттықтың қадірін ұғынып,
Ел болашағы – шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұрат еттім.
Бүгін мен – ұстазбын.
Еркін елдің ұрпағына білім мен тәрбие беріп,
Олардың жүрегіне отансүйгіштік пен жауапкершілік дәнін себудемін.
Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын биіктететін
саналы, білімді, елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу –
Менің басты парызым! 