
«ТЕРЕҢ ТАРИХТАН–ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА »


"Дулат негізгі орта мектебінде”19 желтоқсан күні ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және отансүйгіштік рухты арттыру мақсатында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты апталықтың салтанатты ашылуы өтті


Апталықтың ашылу рәсімінде мектеп директоры Г.Кулаева құттықтау сөз сөйлеп, тарихты тану – болашақты бағдарлаудың берік негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларды ата-баба мұрасын құрметтеуге, ел тарихын терең білуге және ұлттық рухты биік ұстауға шақырды .

Іс-шара аясында түрлі танымдық сабақтар, сайыстар, көрмелер мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи білімін кеңейту көзделуде.

Ұлттық тарихымызды ұлықтай отырып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid022Lv9QAsLndkeh25WUkHDhBHLTChkpNi5ez7uoGRAPsBGoRPW6SWi8tLutajdm2zAl&id=100072585913108