10
ақпан
2026
Мұқағали Мақатаев бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөлінген сүйікті ақын
Мұқағали Мақатаев бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөлінген сүйікті ақын. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. Ол қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын.
Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің өзегінен ақиқат өмір шыңдығын көреміз, көркемдік өрнегі өзгеше өрілген сөз өнерінің үлгісін танимыз. Ол адам болмысын, оның жан дүниесін, сезімін, яғни, адам өмірінің асыл шындығын ерекше тебіреніспен толғайды. Ақын әрбір кейіпкерін өзінің сезім елегінен өткізіп, сол күйде өзі тұрғандай етіп шебер бейнелейді. Сондықтан да оның қаһармандары шынайы, оқырманды бірден баурап алады. Сол себепті де Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0C7BWHQ9AHbCdHvVTTMNx6SSPhQ3XL84CGxxQz1CQZpdkLRUJrR2C1JQHudLYNBRFl&id=100072585913108