
ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Заң және Тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2026 жылдың 18 ақпан күні Түркістан облысы білім басқармасының 2026 жыл 16 ақпан күнгі 25/1293 санды хатын негізге ала отырып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін күшейту мақсатында Жетісу облысының прокуратурасымен түсірілген “Дроп” атты қысқаметражды профилактикалық фильмін 7-8-сынып оқушыларына көрсетіп, интернет-алаяқтарынан қорғану туралы түсіндіру жұмыстарын ДТІЖО М. Жапбаркулова жүргізді. Қазіргі заманда интернет пен цифрлық технологиялардың дамуына байланысты қаржылық алаяқтар түрі көбейді. Соның бірі - дроперлік құбылыс. Дроперлер заңсыз ақша айналымына көмектесетін алаяқ адамдар. Дропер - өз атына банк картасын немесе есепшот ашып, оны үшінші тұлғаға заңсыз қаржы операцияларын жүргізу үшін пайдалануға беретін адам. Дроперлік - жеңіл табыс көзі емес, үлкен қауіп. Ол адамның болашағына, беделіне және еркіндігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан банк картасының деректерін ешкімге бермеу, күмәнді ұсыныстардан бас тарту және қаржылық сауаттылықты арттыру - әр азаматтың міндеті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02sXcLjky6o3dv75tSeZezrizUCe1yGns4KgLkRhDMqbkuxBK4FU7HaXh5Rz36vQ5Ml&id=100072585913108