
1 НАУРЫЗ- “АЛҒЫС ЭСТАФЕТАСЫ”ЧЕЛЛЕНДЖІ

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді “Дулат”негізгі орта мектебі,1наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз. Бұл мереке-көктемнің шуақты алғашқы күнінде өтетін ерекше мейрам, жүректерді жылылыққа бөлеп, адамдарды бір- біріне жақындастыратын аса мәнді күн.

Алғыс айту күні Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне ортақ мереке болып саналады. Өйткені бұл күннің түпкі мәні - көпэтносты халқымыздың өткеніне құрметпен қарап, бүгініне ризашылық білдіру, бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыздың бірлігін атап өту.

Біз бұл күні ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ізгі дәстүр- алғыс айтып, ризашылық білдіру арқылы ұлттар достығын нығайтып, ортақ Отанымыз Қазақстанның жарқын болашағын бірге құруға деген бекем ниетімізді көрсетеміз.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid08fTAoBkzXJ6vi1BapbNbEgkJ5PyyWTDQp3q9bvAnV4nKpmdu33CuLu6Wi28FdR6Nl&id=100072585913108