09
наурыз
2026
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 3 “А” сыныбында сынып жетекшісі Әмзеқызы Мадинаның ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді. 🌷
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ананың қадір-қасиетін түсіндіру, оларға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, әндер орындап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар аналардың қоғамдағы орны мен олардың еңбегінің маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді.
Тәрбие сағаты өте әсерлі өтіп, оқушылар аналарына деген алғыстары мен құрметтерін көрсете білді. 
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02NdF6pkDgxBYYGzNfoKagSfXurPWZMCdhn9UCTdp91xFEVwT4eZRzE15NsFhLuaHWl&id=100072585913108