
Тараз қаласында өткен «Балалар мен жастар шығармашылығының халықаралық өнер байқауы – “Дарынды жұлдыздар”» байқауында бастауыш сыныптың хореография үйірмесінің оқушылары “Наз-Айым” би ансамблі өнерлерімен ерекшеленіп, Гран-при жүлдесін иеленді.

Жас бишілер сахнада өз таланттарын жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Бұл жеңіс – шәкірттердің тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің және жетекшінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі.

Үйірме жетекшісі Сейсенбаева Аружан шәкірттерінің бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті дамытып, олардың үлкен жетістікке жетуіне зор үлес қосты.
Жеңімпаз шәкірттерімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02iZvDzu2uva7krqNpfiQPp7Ci21TrTGiiMjuDnD8NYiSa39jucLeY4xDYMENBYUBtl&id=100072585913108