14
мамыр
2026
Балалардың қауіпсіздігі — ең басты міндеттердің бірі. Қазіргі заманда балалар тек шынайы өмірде ғана емес, интернетте де түрлі қауіп-қатерге тап болуы мүмкін.
Балаларды әлеуметтік желілердегі қорлау, мазақ ету, қысым көрсету жағдайларынан қорғаңыз. Олардың онлайн әрекеттеріне назар аударып, ашық сөйлесіңіз.
Физикалық және психологиялық қысымның кез келген түріне жол бермеңіз. Балаңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге мән беріңіз.
Балалардың күмәнді сайттар мен топтарға қосылмауын қадағалаңыз. Оларға дұрыс ақпарат пен құндылықтарды түсіндіріңіз.
Балаларға заңды құрметтеуді, жауапкершілікті және дұрыс әрекет етуді үйрету — ата-ананың маңызды міндеті.
Кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне шектеу бар. Бұл талаптарды сақтау — олардың қауіпсіздігі үшін маңызды.
Аталған жағдайлар бойынша жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аясында қарастырылады.
Өтебаев Абай парақшасынан алынды
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid034Skb5AnTWBYNv8ieyqJYLFdXFcE9NGiDTHoZ31g2pRaziWq6ZA1Bxisc8PvwNejwl&id=100072585913108