
”Дулат”негізгі орта мектебінде 2-8 сынып оқушылары арасында «Заң мен тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында сынып сағатын өтті.

Мақсаты – оқушыларға заң талаптарын құрметтеудің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.

Сынып сағаттары барысында оқушылар

заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі,

Конституция құндылықтары,

құқық пен міндет, қоғамдық тәртіпті сақтау туралы пікір алмасып, танымдық мәліметтермен танысты.

Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, елін сүйетін , заңды құрметтейтін

, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0kDKjvedBxWg1CivmBN4KznGacSjtKHpQfN1eWkFspq7xWddGGr84z9ohaZykDkrLl&id=100072585913108