27
мамыр
2026
“Дулат”негізгі орта мектебінде 5-8 сыныптарға арналған аралық емтихан басталды. 26 мамыр күні 5 сыныптарға аралық емтихан өтілді.
Қазақ тілі пәні бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында,
2025-2026 оқу жылында “Дулат”негізгі орта мектебінде 5-8 сыныптарға арналған аралық емтихан басталды.
26 мамыр күні 5 сыныптарға аралық емтихан өтілді.
Аралық емтихан мектеп әкімшілігінің бекіткен кестесіне сәйкес cағат 9:00 - де мектеп директоры Г.Кулаева және ДОІЖО Қ.Ағайдарованың қатысуымен тапсырмалар пакеті ашылып ,басталды.Мектеп басшысы оқушыларға ізгі ниет білдіріп, сәттілік тіледі.
Оқушыларға қазақ тілі пәндері бойынша дайындық жұмыстары кестеге сәйкес өткізілді. Емтихан жазбаша түрде ұйымдастырылып, бағалау талаптары оқу бағдарламасына сай жүргізілді.
Емтихан кезінде тәртіп пен академиялық адалдық ережелері қатаң сақталды. Мұғалімдер мен бақылаушылар оқушыларға қолайлы жағдай жасап, емтиханның әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етті.
Аралық емтихан нәтижелері оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы оқу жылына бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл сынақ оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өз бетімен дайындалу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid038GPfs5BTbCiBz2rVjj5YkpQeagD9EVjJHxaPzv4e3QQ5nMAHYjbTMGjDYv6kaKAkl&id=100072585913108