28
мамыр
2026
📌 №5 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес жұмысына мектеп директоры Г.Кулаева жетекшілік етті. Сондай-ақ, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Ағайдарова, бастауыш оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Абдирасилова, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Жапбаркулова өз бағыттары бойынша есеп беріп, атқарылған жұмыстарға талдау жасады.
Жиын барысында 4-ші оқу тоқсанының үлгерім қорытындысы мен оқу бағдарламасының орындалу деңгейі сараланып, 5 және 8 сыныптардың қорытынды емтихандарына дайындық жұмыстары қарастырылды.
Күн тәртібіне сәйкес үздік оқушылардың тізімі нақтыланып, пән апталықтары мен олимпиада нәтижелері бойынша мониторинг жүргізілді.
Педагогтардың біліктілігін арттыру, аттестаттау үдерісі, сондай-ақ білім сапасын арттыру мен олқылықтардың орнын толықтыру бағытындағы жұмыстар кеңінен қамтылды.
Тәрбие саласы бойынша «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы, қауіпсіздік сабақтарының өтілуі, ата-аналармен байланыс және «Даналық мектебі» жұмысының барысы да назардан тыс қалмады.
Педагогикалық кеңес – ұжымның бірлігі мен кәсіби дамуын айқындайтын маңызды алаң. Ортақ мақсат жолындағы жүйелі жұмыс – сапалы білімнің кепілі.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0BkehkrkPo5p8mVszdVHk8vNnzrJGCNA2C846Egx4oCLkeCPpcKqKpQmidKQZemial&id=100072585913108