31
шілде
2026
МЕКТЕП ФОРМАСЫН САҚТАУ - ӘРБІР ОҚУШЫНЫҢ МІНДЕТІ!
МЕКТЕП ФОРМАСЫН САҚТАУ - ӘРБІР ОҚУШЫНЫҢ МІНДЕТІ!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп формасына қойылатын талаптарды назарларыңызға саламыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1-тармақшасына және ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін мектеп формасын сақтау міндетті болып табылады.
Мектеп формасы – оқушының ұқыптылығы мен жауапкершілігін көрсететін, сондай-ақ білім алушылар арасында тәртіпті, бірлікті және теңдікті қалыптастыруға ықпал ететін маңызды талап.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың мектепке белгіленген киім үлгісін сақтап келуіне қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Ортақ талаптарды сақтау – тәртіпті білім беру ортасын қалыптастырудыңдың маңызды шарты.