Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Түркістан облысы Ордабасы ауданы “Дулат”негізгі орта мектебінде қараша айының 24 ші жұлдызында 2-4 сынып оқушыларына жоспар бойынша мектеп медбикесі С.Мелдехан Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі! тақырыбында әнгіме жүргізді. Бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтанудың маңызы туралы айтылып жұмыстар жүргізілді. Балалар пайдалы тағам түрлерімен танысып, денсаулықты сақтаудың қарапайым ережелерін үйренді. Оқушылар ойындарға қатысып, “пайдалы” және “зиянды” тағамдарды ажыратуды үйренді.