

Бүгін 5”Ә” сыныбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ерекше әсерлі сабақ өтті. Тақырыбы; Ы.Алтынсариннің "Атымтай жомарт" әңгімесі. Жетекшісі: Сарыбай Мадина Рахымбайқызы- қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

Оқушылар сабақта қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын талдап, оның өнегелі әңгімесі арқылы жақсылық жасау, еңбек ету туралы түсініктерін тереңдетті. Сабақ барысында оқушылар онлаин тақтамен емін-еркін жұмыс жасап тапсырмаларды орындап өз ойларын еркін жеткізді. Цифрлық құралдар тиімді қолданып, оқу процессі заманауи, тартымды әрі интерактивті өтті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02wMFhKFQD7otbH1r3yyF5oonJsQnVc8kAsWMWdQkTidqzsianfq8JLVzEAmigzJZzl&id=100072585913108