28
қараша
2025
“Бастауыш-білім бастауы“апталығының аясында Оразбаева Айжан 28 қараша күні 3 “Ә” сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен “Бастауыш” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді
“Дулат негізгі орта мектебінде “Бастауыш-білім бастауы“апталығының аясында Оразбаева Айжан 28 қараша күні 3 “Ә” сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен “Бастауыш” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Балалар сабақты сәлемдесумен бастады. Сабақ барысында тиімді әдіс -тәсілдер қолданылды. Оқушылар үй тапсырмасына “Сәйкестендіру” ойынын қолданып, жағымды атмосфера орнатты. Жаңа сабақтың тақырыбын “ Мюссенберг” әдісі арқылы ашты.Интербелсенді тақтамен жеке жұмыс жүргізілді. Сергіту сәті ұйымдастырылды.
Жұптық жұмыс, кестемен жұмыс жасалды.Сабақта балалар өздерін "Уық" әдісі арқылы бағалап, кері байланыс жасады. Оқушылар жұптық жұмыс орындады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Мұғаліммен тығыз байланыста болды. Сабақ қызықты және өз дәрежесінде өтті
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02avmTWQW1mybH3xBXb8LSZtKjJqcMsahJhQXprwY1FvMcWjiTQybsuwKU7x6nvixFl&id=100072585913108