«Таңғы жаттығу – сергек күн кепілі»
«Таңғы жаттығу – сергек күн кепілі» Мектебімізде аптаның сейсенбі күні бірінші сабақ таңғы жаттығу жасаумен бастау алады 2026 жылдың 13 қаңтары күні I кезең оқушылары таңғы жаттығу жасап, күнді сергек көңіл-күймен бастады. Бұл дәстүр оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қозғалыс белсенділігін арттыруға, сондай-ақ тәртіп пен ұйымшылдықты қалыптастыруға бағытталған. Таңғы жаттығу – салауатты өмір салтына бастар алғашқы қадам. Денсаулық – зор байлық!