«БАСТАУЫШЫМ БАСТАМАМ — КЕМЕЛ ЖОЛҒА БАСТАҒАН!»
«БАСТАУЫШЫМ БАСТАМАМ — КЕМЕЛ ЖОЛҒА БАСТАҒАН!» Балалық шақтың алғашқы белесі, білім әлемінің алтын қақпасы болған бастауыш сыныппен қоштасу — әрбір оқушының өміріндегі ерекше сәт! Күні кеше ғана 4 «А» сынып оқушылары бастауыш сынып бағдарламасын сәтті аяқтап, үлкен өмірдің келесі кезеңіне қадам басты! Төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, әр баланың бойына ізгілік пен даналық дәнін еккен, білімді де мықты шәкірт тәрбиелеуші ұстазымыз — Құралай Бақдаулет өз түлектерін қияға ұшырды.