"БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТІЛДІ


2025 жылдың 17 қараша күні «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 3 «Г» сынып жетекшісі К.Джабаева сынып оқушыларына «Оқушылар арасындағы буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырып өтті.


Оқушыларға буллинг және кибербуллинг туралы анықтама беріліп, ауызша сұрақтар қойылып, сауалнама алынды.
Буллинг анықтамасы
Бұл сөзге анықтама беретін болсақ, буллинг — бұл бір адамның немесе агрессорлар тобының жәбірленушіге үнемі психологиялық қысым жасауы, ол әдетте жабық әлеуметтік топ жағдайында өтеді.

Мынаны есте сақтаған жөн, буллинг көбіне қасақана жағымсыз сипатқа ие және агрессор мен құрбанның арасындағы күштің тең еместігімен ерекшеленеді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02K4ZEUCWVjwJ51YTSkctGUcVRQbKJFT6vqmTA4YvqTQWuh41QGD4QyktM5JxNsQwAl&id=100072585913108