23
желтоқсан
2025
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті.
Мектебіміздің 1”Ә” сынып оқушылары үшін ерекше мәнге ие «Әліппем, Саған мың алғыс” атты ертеңгілік өтті. Бұл – кішкентай бүлдіршіндердің алғаш оқып, жазуға үйренген «Әліппе» оқулығымен қоштасып, жаңа белеске қадам басқан сәті болды.
Іс-шара барысында оқушылар тақпақтарын айтып, ән салып, түрлі көріністер қойып, өз білімдерін ортаға салды. Сынып жетекшілері мен ата-аналар балалардың өнерлеріне тәнті болып, ерекше әсер алды. Балалар Әліппеге алғыстарын айтып, «Ана тілімен» танысты.
Бұл мерекелік кеш – балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, өздеріне деген сенімділігін нығайтқан тамаша шара болды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid01L9Kn1aKpHmSiSpbcAMFq7sGmr23shjyxdfWaqeb31nzL9R9X7nF6DU1Fy4ZFtrEl&id=100072585913108