ЖАҢА ЖЫЛ — БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ » «Дулат» негізгі орта мектебі»
«Дулат» негізгі орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,
Қайнар елді мекені, С.Жақайқызы көшесі,5
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 271-23-24
Есепші бөлімі:
+7(705) 684-90-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢА ЖЫЛ — БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ
26
желтоқсан
2025

ЖАҢА ЖЫЛ — БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ

🎄ЖАҢА ЖЫЛ — БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ 🎄
  “Дулат”негізгі орта мектебінде "Қош келдің Жаңа жыл" атты
жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, ерекше көңіл күй сыйлады.
⚜️”Жаңа жыл – шаттық пен қуаныш мерекесі”
📌 Мақсаты:
Оқушыларға жаңа жыл мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, балғын бүлдіршіндердің жүрегіне қуаныш ұялату, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру, достыққа, бірлікке және ізгілікке тәрбиелеу.
⚜️ Мерекелік кеш барысында мектеп залы ертегі әлеміндей безендіріліп,
❄️ Аяз ата мен Ақшақар,
🎁 ертегі кейіпкерлері,
🎶 әсем әндер мен көңілді билер,
🎤 тақпақтар мен қойылымдар
балалардың шынайы күлкісі мен шаттыққа толы сәттеріне ұласты.
🎉 Оқушылар белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салды. Әрбір бала жаңа жылдық мерекенің шынайы атмосферасын сезініп, ұмытылмас әсер алды. Мереке соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
🌟 Қорытынды:
Аталған іс-шара өз мақсатына толық жетіп, оқушыларға қуаныш пен жылулық сыйлаған жарқын мерекеге айналды. Осындай тағылымды да тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттыра түсері сөзсіз.
🎄✨ Жаңа жыл әр шаңыраққа мол ырыс, береке мен бақыт әкелсін! ✨🎄
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0xTAiPuZUBR5PYqFPo1yvkHmGVkiDUF8HjrbYMpRBot8GhVjLLgaPziR3eg2Y7PZXl&id=100072585913108​​​

Похожие публикации:

30 мамыр 2025 Жазғы лагерь
27 желтоқсан 2024 Мектеп жаңалықтары
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив