
Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты
“Дулат”негізгі орта мектебінде 2026 жылдың 13–16 ақпан аралығында «Шын жүректен кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылады.

Мақсаты: мектеп кітапханасының қорын кеңейту, жаңа басылымдармен толықтыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.

Бұл күн – кітапқа деген сүйіспеншілікті бөлісетін, рухани байлықты өзгелерге сыйлайтын ерекше мереке.

Акция аясында әрбір қатысушы өзінің сүйікті, жүрегіне жақын кітаптарын кітапханаға сыйлап, кітап әлемімен бөлісе алады.

Сыйға берілген әр кітап жаңа оқырманын тауып, білім мен рухани құндылықтың таралуына үлес қосады.


Кітап сыйлау – бұл тек сыйлық емес, ол білімге, ізгілікке және мейірімге бастайтын жол.
Бірге оқиық, бірге бөлісейік!


https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0GnF71qEPYCGfi783y3MqZsBe2W87NjK21YCRJw1oi8HiJiMBzZzdVSpcDatVAP5ql&id=100072585913108