🌙 «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы! » «Дулат» негізгі орта мектебі»
«Дулат» негізгі орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,
Қайнар елді мекені, С.Жақайқызы көшесі,5
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 271-23-24
Есепші бөлімі:
+7(705) 684-90-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌙 «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы!
09
наурыз
2026

🌙 «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы!

🌙 «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы!
Құрметті ата-аналар, аяулы оқушылар және қадірлі әріптестер!
Қасиетті Ораза айының аясында мектебімізде өткен «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы өз мәресіне жетті. Жанашырлық танытқан әрбір жанға шын жүректен алғыс білдіреміз!💙❤️🧿🤝💐
• Құрметті ата-аналар мен әріптестер! Сіздерге отбасылық бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз. Әрқашан дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын. Жасаған қамқорлықтарыңыз өздеріңізге еселеніп жақсылып болып оралсын, әр күндеріңіз тек жақсылыққа толсын!
• Аяулы оқушылар! Сендердің кішкентай жүректеріңдегі үлкен мейірім бізді тәнті етті. Оқуда тек сәттілік жолдас болып, еліміздің мақтанышы болып өсіңдер. Қадамдарың оң, армандарың асқақ, болашақтарың жарқын болсын!
Жүрегімізден шыққан бұл көмек көпке үлгі, жанға жылу болды. Әрқашан бірлігіміз бекем, жүрегіміз мейірімге толы болғай!
Құрметпен,мектеп әкімшілігі.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0tYvPCy7zxgM97JQmhdDJkvb2CsUP6f3SNdknRzJTDzTKfjMnVMEWpZTJ5fHcndmsl&id=100072585913108​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив