20
наурыз
2026
⚜️Ұлыстың ұлы күні— Наурыз мейрамы құтты болсын!
“Дулат”негізгі орта мектебінде Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында 2«А» сынып жетекшісі Қ.Ағайдарованың ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Наурыз мейрамының маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері туралы мәліметтер айтып, өлеңдер оқыды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мереке ерекше көңіл-күймен өтіп, баршаға шаттық пен қуаныш сыйлады.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, Наурыз мейрамының мән-мағынасын терең түсінуге ықпал етті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0qhhUe9kugeL4fKh8XgNRXVzBUa5o43WBrcrP8QUDxwbLyUMVSKAr9vvyJ1aqq1eWl&id=100072585913108