20
наурыз
2026
🌸 Наурыз мерекесі – жаңару мен бірліктің бастауы!🌸
Мектебімізде Наурыз мерекесі аясында «Наурызнама» онкүндігіне орай сынып сағаттары ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді 
Сынып сағаттары барысында оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен Наурыз мейрамының мән-мағынасы кеңінен таныстырылды. Оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, түрлі танымдық жұмыстарға белсене қатысты.
Аталған шаралар оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, туған елдің мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды 