
31.03.2026ж. күні ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Ордабасы АПБ ҚҚБ УПИ Полиция майоры Ғ.Есенгельдиев қатысуымен 5-8 сынып оқушыларына кезекті жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Г.Кулаева қатысып бала қауіпсіздігі жайында сөз сөйледі. Жиналыс барысында ДТІЖО М.Жапбаркулова жасөспірімдер арасында кешкі уақытта жүрмеу керектігін ескертіп, күн жылынғанда суға түсудің де зардаптарын атап шықты, бала қауіпсіздігі, құқықбұзушылық туралы, тәртіп мен жауапкершілік жайында түсіндіріп сөз сөйледі. ДОІЖО Қ.Ағайдарова білім алушылардың сабақтан тыс уақытта мопед мінуден, табиғат аясына рұқсатсыз шығудан аулақ болу керектігін қатаң ескертті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02gz48naSDuJhPYbaraP1BoikKFM3f8MH9vcPEqawS98BfryC4Swhto3gSzwYEKJTFl&id=100072585913108