
"ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ "



"Дулат"негізгі орта мектебінде 28 қараша күні 7–8 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қарсы әрекет, лудомания (құмар ойындар) және нашақорлықтың зияны туралы бірлескен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға «Көкпар ойындары» атты тақырыптық профилактикалық бағдарлама ұсынылып, қоғамда белең алып келе жатқан қауіп-қатерлерден сақтану жолдары түсіндірілді.

Ордабасы АПБ-ның УПИ аға лейтенанты Арыстанбек Жүсіпбек Сұлтанбекұлы құқықтық нормаларды сақтау, интернеттегі қауіпсіздік, қоғамға қауіпті әдеттерден аулақ болу жөнінде ақпарат беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жиналыс соңында оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, құқықбұзушылық, буллинг, интернеттегі қауіпсіздік және құмар ойындарға қатысты өзекті сұрақтарға жан-жақты түсініктеме берілді.

Жиналыс оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға бағытталды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0S6uEeCEhcnqequuvHw1Gc3TdBciVBvZ1hYZjR5CrXGLU4LPPttqL9AuseH6b8wF8l&id=100072585913108