ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

”Дулат”негізгі орта мектебінде «2025-2026 эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитарлық – профилактикалық, санаитарлық-эпидемияға қарсы іс – шараны мектеп медбикесі С.Мелдехан тұмаудың белгілері және сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және ұйқы мен тамақтану сапасын бақылау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0zpKQvaeAx8FMpfdP7M9LCJjTphpm24gvVVm3PwemiCLbkcFcwGTkjjbtu1E2oaYfl&id=100072585913108