
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — БАСТЫ НАЗАРДА!



“Дулат" негізгі орта мектебінде 27 қараша күні ДШІЖО Б.Шатырбаев оқушыларға жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге арналған профилактикалық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында:

Тұрмыстық жылыту құрылғыларын дұрыс қолдану, пеш ақаулары, тұрмыстық газды пайдалану, өрттің алдын алу жолдары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды;

Негізгі түсіндірілген мәселелер:
– Пеш пен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану
– Көміртек тотығынан улану белгілері
– Газ иісін сезгендегі алғашқы әрекеттер
– Өрт шыққан жағдайда эвакуация ережелері
– Балалардың жалғыз өз бетімен жылыту құралдарын қоспауы

Мұндай шаралар оқушылардың өмірлік маңызға ие қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға үлкен үлес қосады.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02KuvhtoXLdk817PKHz9QBeXKJL8fWKga5ELDf2mbU4sdeAC7iAvBHaBwivuiSwsGFl&id=100072585913108