07
сәуір
2026
7 - сәуір “Дүниежүзілік денсаулық күніне” орай “Салауатты өмір – табысты болашақтың негізі” тақырыбында таңғы жаттығу өткізілді.
“Салауатты өмір – табысты болашақтың негізі” тақырыбында таңғы жаттығу өткізілді.
Оқушылардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі дене жаттығуларын орындап, белсенділік танытып, өз күштерін сынады.
Жаттығу оқушылардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ұйымшылдығы мен төзімділігін дамытуға ықпал етті. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндіріліп, спорттың адам өміріндегі рөлі насихатталды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0XBjHczp2p9BuzBkLwEQHG4SjfFQhwTPv1LTiD7geF9TtbjpWY3MF3HZpnGg1LWQil&id=100072585913108