

Таңғы жаттығу – оқушылардың денсаулығын нығайтуға, сергектік пен белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды іс-шара.

Бүгін мектебімізде оқушыларға арналған таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында балалар түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындап, жақсы көңіл күймен күндерін бастады. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, дене белсенділігін арттыру және оқу үдерісіне сергек күйде кірісуіне ықпал ету. Осындай жаттығулар оқушылардың денсаулығын жақсартып қана қоймай, олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға да септігін тигізеді.