06
мамыр
2026
«Елін қорғаған ерлер»
”Дулат”негізгі орта мектебінде 1”В” сынып жетекшісі Н.Елтібайдың ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Елін қорғаған ерлер» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Отан қорғаушылар күні туралы мағлұмат беру, елін, жерін қорғайтын батыр азаматтарды құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін түсініп, батырлық, ерлік және елге деген сүйіспеншілік туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Отан қорғаған батырлар туралы мәліметтер айтып, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген азаматтарға құрмет көрсетті.
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайтуға ықпал етеді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0K2oFdvHD1bHs68GEJXKyypFiM2SgVYe1qtF9pGo8Z5kUo825vvXj5SMWbvKJAgmFl&id=100072585913108