06
мамыр
2026
«Елін қорғау – ердің парызы»
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті, ел қорғаған ерлердің ерлігін дәріптеу, патриоттық рухты қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар Отан қорғаушылардың батылдығы мен ерліктері туралы мәліметтермен танысып, тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, өз ойларымен бөлісті.
Балалар Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін түсініп, елге деген құрмет сезімдерін білдірді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02VKQss78w6ugWCYfffSoS4h7K6Sbvfi77bcrUaQQ4aNKeTmk2kaJCVVBRyDidYwNml&id=100072585913108