30
мамыр
2026
🎉1 маусым – Балаларды қорғау күні🎉🎉
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларымыз үшін қызықты серуен ұйымдастырылды. Балалар көтеріңкі көңіл күймен табиғат аясында демалып, түрлі ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді. Серуен барысында олар бір-бірімен еркін араласып, достық қарым-қатынастарын нығайтты. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты сәттері мерекенің сәнін келтірді. Осындай игі шаралар бүлдіршіндердің жарқын естеліктеріне айналып, жазғы демалысты көтеріңкі көңіл күймен бастауына себеп болды.
Балаларымызға бақытты балалық шақ, зор денсаулық және жарқын болашақ тілейміз! 
