01
тамыз
2026
Балалардың жазғы демалысы – қуаныш пен қызыққа толы кезең. Алайда олардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың және қоғамның басты жауапкершілігі.
Жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
- Ересектердің қарауынсыз суға түспеу;
- Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау;
- Суда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
- Бейтаныс адамдармен жеке ақпаратпен бөліспеу;
- Күмәнді сілтемелерді ашпау;
- Әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану.
- Жолдан тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту;
- Бағдаршам белгілерін сақтау;
- Велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану.
- Бейтаныс өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды ұстамау және жемеу;
- Жәндіктерден сақтану;
- Табиғатта тазалықты сақтау.
- Сіріңке мен оттықты пайдаланбау;
- Отпен ойнамау;
- Төтенше жағдай кезінде үлкендерге немесе 112 қызметіне хабарласу.
- Өз сезімдері мен мәселелері туралы ата-анасына немесе сенімді ересекке ашық айту;
- Бейтаныс адамдардың ұсыныстарына ермеу;
- Қауіпті жағдайларда көмек сұраудан қорықпау.