«Судағы қауіпсіздік ережелері» » «Дулат» негізгі орта мектебі»
«Дулат» негізгі орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,
Қайнар елді мекені, С.Жақайқызы көшесі,5
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 271-23-24
Есепші бөлімі:
+7(705) 684-90-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Судағы қауіпсіздік ережелері»
06
мамыр
2026

«Судағы қауіпсіздік ережелері»

⚜️Түркістан облысы, Ордабасы ауданы ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде 06.05.2026ж күні 6-8 сынып оқушыларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Судағы қауіпсіздік ережелері»  тақырыбында жиналыс өткізілді. 
Жаз мезгілінің басталуына орай, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ДТІЖО М.Жапбаркулова және мектеп әкімшілігі оқушыларға судағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі маңызды жадынаманы ұсынды.
Су – демалыстың ажырамас бөлігі болғанымен, қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, әр ата-ана мен бала төмендегі талаптарды қатаң сақтауы қажет:
🔹 Балаларды тек арнайы жабдықталған және қауіпсіздігі тексерілген орындарда шомылдыру;
🔹 Балалардың суға шомылуы міндетті түрде ересектердің бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс;
🔹 Таныс емес, ағысы қатты, түбі белгісіз су айдындарында шомылуға тыйым салынады;
🔹 Қайықтарға, белгі беру құрылғыларына жақындамау және арнайы белгіленген шекарадан аспау;
🔹 Қауіпті жағдай туындаған кезде сабыр сақтап, бірден көмекке шақыру;
🔹 Жалған дабыл бермеу және қауіпсіздік ережелерін бұзбау.
⚠️ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР:
Жақсы жүзе білу – суда өзін-өзі сақтаудың ең тиімді тәсілі. Балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігінде.
Осыған орай, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу де ұсынылды. 
Қауіпсіз жаз – жарқын демалыс кепілі! 
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02NkNuFzsG28Mts2dkm82au3a4ifuuLPPZbRwDSCfHm6ew3hLJSxTsn9Z88wQzZghYl&id=100072585913108​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив