
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде 18.05.2026ж күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша, «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Ордабасы АПБ ҚҚБ УПИ Полиция капитаны А.Көпбосын және Ордабасы АПБ ҚҚБ УПИ Полиция лейтенанты А.Есімбектің қатысуымен 5-8 сынып оқушыларына кезекті жиналыс өткізілді. Қарастырылған мәселелер: алаяқтық фактілері, зорлық-зомбылық, буллинг, сталкинг, дене жарақаттары, Заң мен тәртіп, жаз мезгіліндегі бала қауіпсіздігі. Жиналысқа мектеп директоры Г.Кулаева қатысып бала қауіпсіздігі жайында сөз сөйледі. Жиналыс барысында ДТІЖО М.Жапбаркулова жасөспірімдер арасында күн жылуына байланысты табиғатқа үлкендер қадағалауынсыз шығуға болмайтыны жөнінде, рұқсат етілмеген су айдындарына шомылуға тыйын салынғаны жөнінде, мектепішілік тәртіп ережелері жөнінде, кешкі уақытта заңды өкілі ата-анасыз көшеде жүрмеу керектігін ескертіп сөз сөйледі. ДОІЖО Қ.Ағайдарова білім алушылардың сабақтан тыс уақытта мопед мінуден, табиғат аясына рұқсатсыз шығудан аулақ болу керектігін қатаң ескертті. Сонымен қатар сабақтан себепсіз қалуға тыйым салынатындығы, мектеп ішінде ішкі тәртіп ережелеріне қатаң бағыну жөнінде ескертілді. Жаз мезгіліндегі демалыс кезінде өрт, су, жолда жүру ережелерін ескеріп тәртіпке бағыну туралы ескертілді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02resux4dk438XpBhiJXvF8xtMCiniwCWSRNW3tui82Tod6c9VA1MNeYugkN2WRin5l&id=100072585913108