«АДАЛ АТА-АНА - ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» » «Дулат» негізгі орта мектебі»
«Дулат» негізгі орта мектебі»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,
Қайнар елді мекені, С.Жақайқызы көшесі,5
Қабылдау бөлімі :
+7(705) 271-23-24
Есепші бөлімі:
+7(705) 684-90-75
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АДАЛ АТА-АНА - ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»
12
мамыр
2026

«АДАЛ АТА-АНА - ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»

Түркістан облысы Ордабасы ауданы  ЖШС «Дулат» негізгі  орта мектебінде «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «АДАЛ АТА-АНА - ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» тұжырымдамасы аясында оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртіпті сақтау, саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру мақсатында 2026 жылы 13 мамыр күні «Адал ата-ана - қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында біріңғай  ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында оқушылардың жазғы демалыс кезінде өмірі мен денсаулығын сақтау, оларды түрлі қауіп-қатерлерден алдын ала сақтандыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру туралы айтылды.
  Сонымен қатар жол қауіпсіздігі, судағы  қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі, интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ата-анаға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және ата-аналарға артық қаржылық салмақ түсірмеу мақсатында түсіндіру шараларын ұйымдастырды.
Білім беру ұйымдарында:
— заңсыз ақша жинауға;
— мектептен тыс мейрамханаларда, кафелерде бастауышты бітіру кештерін өткізуге;
— қымбат сыйлықтар беруге және алуға қатаң тыйым салынатындығы ескертілді. Жазғы демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі ата-ана жауапкершілігінде,  бала өмірі- басты құндылық. 
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0QCud25vz1enhE1t2BTTuk3XBLNuco7fDN1Vk8JVw5UQkAuow8K4M5M3MzzyovfTnl&id=100072585913108​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив