
23.04.2026ж. күні ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша, «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Ордабасы АПБ ҚҚБ УПИ Полиция майоры Ғ.Есенгельдиевтің қатысуымен 5-8 сынып оқушыларына кезекті жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Г.Кулаева қатысып бала қауіпсіздігі жайында сөз сөйледі. Жиналыс барысында ДТІЖО М.Жапбаркулова жасөспірімдер арасында күн жылуына байланысты табиғатқа үлкендер қадағалауынсыз шығуға болмайтыны жөнінде, мектепішілік тәртіп ережелері жөнінде, кешкі уақытта заңды өкілі ата-анасыз көшеде жүрмеу керектігін ескертіп сөз сөйледі. ДОІЖО Қ.Ағайдарова білім алушылардың сабақтан тыс уақытта мопед мінуден, табиғат аясына рұқсатсыз шығудан аулақ болу керектігін қатаң ескертті. Сонымен қатар сабақтан себепсіз қалуға тыйым салынатындығы, мектеп ішінде ішкі тәртіп ережелеріне қатаң бағыну жөнінде ескертілді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0LE8waMFDhAdFMLSbxvpUV2ucWdDM9vtbAibpyviFQPh4WjkBH6nrdEMVopbsDPSPl&id=100072585913108