
09.04.2026ж. күні ЖШС «Дулат» негізгі орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша, «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Ордабасы АПБ ҚҚБ УПИ Полиция майоры Ғ.Есенгельдиевтің қатысуымен 5-8 сынып оқушыларына кезекті жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Г.Кулаева қатысып бала қауіпсіздігі жайында сөз сөйледі. Жиналыс барысында ДТІЖО М.Жапбаркулова жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде, тәртіп пен тәрбие мәселелері бойынша сөз сөйлеп, кешкі уақытта жүрмеу керектігін ескертіп, күн жылынғанда суға түсудің де рұқсат етілмейтіндігі жайында түсіндіріп сөз сөйледі. ДОІЖО Қ.Ағайдарова білім алушылардың сабақтан тыс уақытта мопед мінуден, табиғат аясына рұқсатсыз шығудан аулақ болу керектігін қатаң ескертті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02DCmtyi2nVSFVHvax4CxN8NFZTwFrMcHV2yfjPJe8A7VSPUSFFYH6nQiwWWXrMa7bl&id=100072585913108