🇰🇿🇰🇿🇰🇿«Жас қыран» және «Жас ұлан» ұйымдарына қабылдау рәсімі🇰🇿🇰🇿🇰🇿
«Жас қыран» және «Жас ұлан» ұйымдарына қабылдау рәсімі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты “Дулат”негізгі орта мектебінде оқушылардың патриоттық сезімін ояту, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас қыран» және «Жас ұлан» ұйымдарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. 2-сынып оқушылары «Жас қыран» қатарына қабылданып, өз деңгейінде ант қабылдау рәсімін абыроймен орындады. Ал 5 “А”, 5 “Ә” 5”Б” сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымының мүшесі атанып, салтанатты түрде ант қабылдады.