16
қаңтар
2026
⚜️Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді
- Пештің құбырлары мен мұржаларын уақытылы тазалау керек.
- Пеш пен құбырларының жарылған жерлерін байқасаңыз дереу сылап тастау керек.
- Пештің алдына, үстіне, айналасына жанғыш заттарды жинамау керек.
- Пеш алдына 50х50 см қаңылтыр темір қағылу керек. (шоқ түскенде өрттен сақтайды).
- Жатар алдын пешке көмір салмаған дұрыс.
- Егерде түнгі мезгілде от тартпай пештен иіс шыққан жағдайда, отты жағуды дереу тоқтатып, жанбай қалған көмірді тазалап сыртқа шығарып тастау керек. Және барлық терезелерді, есікті ашып бөлмелерді желдетіп таза ауа кіргізу қажет. Пеш құбырын дереу тазалау қажет.
- Жас балаларды әр дайым үйде жалғыз қараусыз қалдырмау керек.
- Электр сым жүйелерінің ақау жерлерін дер кезінде жөндету керек.
- Бір электр розеткасына бірнеше құрылғыларды қосуға болмайды.
- Түнгі мезгілде барлық электр қондырғыларын электр көзінен ажыратып жатқан дұрыс.
- Пропан газ баллондарын пайдалану кезінде газ плитасынан баллонды бөлек сыртта арнайы темір қорапта қолдану қажет.
- Күн суық кезде даладан мұздап келген пропан баллондарды пеш алдына жылы жерге қоюға болмайды. Себебі ауа қысымында өзгеріс орын алып жарылып кету қауіпі туындайды.
- Егерде үйдің ішінен газдың иісі сезілсе дереу есік терезелерді ашып бөлмені желдету керек. Иіс сезілген жағдайда ешқашанда электр шамдары мен құрылғыларын қоспаңыздар. Жарылыс орын алуы мүмкін.
- Табиғи газбен жылытылатын үйлерде пештің құбырларын күнделікті ақау жерлері бар жоғын бақылап отыру керек.
- Камень (иран) пешін пайдалануға мүлдем тиым салу керек.
- Жуыну бөлмелеріне моншаға газ пештерін орнатуға мүлдем болмайды. Табиғи газдың иісі сезілмейді, улануға алып келеді.
Құрметті тұрғындар өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай, өте мұқият болуға, өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтауға шақырамыз. Өрт қауіпсіздігіне байланысты туындайтын жағдайлар болса 101 немесе 112 телефон нөмеріне кез келген уақытта хабарласыңыздар.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02svrLPe2GEdpW4SETbPEe1v7MdqzUPMfWxwockbAyWH6LmkfLgkBcneTiNMWnHLHql&id=100072585913108