20
наурыз
2026
Жыл басы – 22 Наурыз мерекесіне орай 5”Ә” сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін тағылымды Наурыз көже дайындау дәстүрі өтілді.
Мереке аясында оқушылар Наурыз көже дайындап, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарының мән-мағынасымен танысты. 
Наурыз көже – молшылықтың, берекенің және бірліктің белгісі.
Оқушылар ұлттық құндылықтарды насихаттап, ата-бабадан келе жатқан дәстүрді құрметтеудің маңызын түсінді. Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігі арта түседі. 
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-несібе әкелсін!